Қазақстанның жаңарған үкіметі жасақталды

Қазақстанның жаңарған үкіметі жасақталды

Қазақстанның жаңарған үкіметі жасақталды. Енді министрлер кабинетінде 26 адам бар. Еске салайық, Осыған дейін 19 министрліктің екеуінде құрылымы қайта қаралып, жаңа екі министрлік жасақталып, қазір жалпы саны 21 болды. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің құзыреті екіге, атап айтқанда, Көлік министрлігі мен өнеркәсіп және құрылыс министрлігі болып бөлінді. Сонымен қатар Ақпарат және қоғамдық даму ведомствосы Мәдениет және ақпарат, ал Мәдениет және спорт министрлігі Туризм және спорт министрлігі болып қайта құрылды. Сондай-ақ жаңа Су ресурстары және ирригация министрлігі пайда болды.