2025 жылы ЖІӨ 6,5%-ға өсті - Үкімет
2025 жылы жалпы ішкі өнімнің артуына негізінен көлік, құрылыс және сауда
салалары үлес қосқан. Өңдеу өнеркәсібінде де өсім бар. Бүгін Үкімет
әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламасының қорытындысын жариялады. Онда
мәселен, азық-түлік өндірісі 8,1%-ға, өңделген мұнай өнімдерін өңдеу 5,9%-ға,
химия өнеркәсібі 9,8%-ға өскені көрсетілген. Автомобиль және теміржол көлігі
арқылы жүк тасымалының ұлғаюына байланысты көлік және қоймалау саласындағы өсім
20,4% болған. Былтыр құрылыс та қарқынды жүргізіліпті. Айталық, жайлы
мектептер, медициналық нысандар, көлік және инженерлік инфрақұрылымдар салынды.
20 млн шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілген. Сауда саласында да
оң серпін сақталып, өсім 8,9%-ды құраған. Мемлекет басшысының тапсырмасына сай
33 жаңа өнеркәсіптік кәсіпорын ашылды.

