6 өңірде ана өлімі көбейген
Үкіметте ана мен бала өлімін азайту
бағытында қабылданып жатқан шаралар талқыланды. Жүйелі жұмыстарға қарамастан, 6
өңірде – Ақмола, Жетісу, Жамбыл, Абай, Ақтөбе, Қостанайда ана өлімі көбейген.
Әсіресе Ақмола облысында республикалық көрсеткіштен 7 есе жоғары. Ал, Қызылорда,
Қостанай, Батыс Қазақстан, Жамбыл және Абай облыстарында нәресте өлімі
жиілеген. Осыған орай, Денсаулық сақтау министрлігі кадр тапшылығын жоюды, ана
мен бала өлімі көп болған ұйымның лицензиясын алып қоюды, тіпті осал топтағы
әйелдерге контрацептивті заттарды тегін таратуды ұсынды.

