Мемлекет басшысы Астананың энергетикалық инфрақұрылымын тексерді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астананың энергетикалық
инфрақұрылымын тексерді. Атап айтқанда, үшінші жылу электр орталығының алғашқы
кезегінің қызметімен танысты. Қазір нысанды қосымша отын қорымен қамтамасыз ету
жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ал, «Тұран» және «Оңтүстік-Шығыс» газ жылу
стансалары шаһардың жылыту қуатын 30 пайыз ұлғайтты. Биыл «Тұран» стансасының
екінші кезегін толығымен аяқтау көзделіп отыр. Сондай-ақ, «Телман» және
«Оңтүстік-Батыс» стансаларын жобалау жоспарда бар. Бұл жобалар 2035 жылға дейін
жоспарланған қосымша жылу энергиясын алуға мүмкіндік береді. Президент
Астананың энергетикалық инфрақұрылымын одан әрі дамытудың маңызына назар
аударды.

