Халықаралық конвенция өкілдері Қазақстанның бастамаларын қолдайды
Халықаралық конвенция өкілдері Қазақстанның климат және су проблемаларын
шешуге қатысты бастамаларын қолдайды. Олар бұл туралы Ақордада Қасым-Жомарт
Тоқаевпен кездесуде айтты. Халық арасында экологиялық сана қалыптастыруды
көздейтін «Таза Қазақстан» бағдарламасын құптайтынын да мәлімдеді. Президент
еліміздің жаңа Конституциясында қоршаған ортаны қорғау мемлекеттік саясаттың
негізгі қағидаттарының бірі ретінде айқындалғанын, өңірлік және жаһандық
деңгейде экологиялық жауапкершілікті жүзеге асыруды жақтайтынын тағы бір еске
салды. Халықаралық конвенция өкілдері Өңірлік экологиялық саммитті жоғары
деңгейде ұйымдастырғаны үшін Мемлекет басшысына ризашылықтарын жеткізді.

