Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиёевті құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиёевті құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті. Мемлекет басшысы Өзбекстан Президентін туған күнімен құттықтап, оның бауырлас өзбек халқының игілігі жолындағы жауапты қызметіне толайым табыс тіледі. Тараптар екі ел арасында сенімге, тату көршілік байланыстарға әрі өзара қолдауға негізделген стратегиялық және одақтастық қатынастар қалыптасқанын атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, бүкіл Орта Азияның орнықты дамуы көбіне екі мемлекеттің өзара ықпалдастығына тікелей байланысты. Осыған орай тараптар бірлескен жобаларды ілгерілету үшін нақты шаралар қабылдап жатыр. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев өңірлік кооперацияның өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасып, жоғары деңгейдегі кездесулер кестесін қарастырды.