АЭС құрылысы бойынша үкіметтік комиссия құрылады

АЭС құрылысы бойынша үкіметтік комиссия құрылады

Елімізде АЭС құрылысына қатысты тиісті консультациялар басталды. Бұл туралы Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев айтты. Оның сөзінше, әуелі арнайы үкіметтік комиссия құрылады. Ол конкурстық процеске қатысатындармен ашық конкурстық диалог жүргізеді. Қытай мен Оңтүстік Кореяда кездесулер өтті. Оларда электр энергиясы мен құрылыстың өзіндік құны, сондай-ақ нысанның құрылысын уақытылы аяқтау кепілдігі сияқты мәселелер ескерілген. Сонымен қатар, қауіпсіздік мәселелері, бүкіл әлеуметтік пакет, қаржыландырумен қамтамасыз ету бағытында да жұмыстар атқарылып жатыр деді, министр.