Қазақстан Үкіметі отставкаға кетті

Қазақстан Үкіметі отставкаға кетті

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Конституциясының 70-бабына сәйкес Үкіметтің отставкасын қабылдады. Мемлекет басшысы ел Премьер-Министрі міндеттерін уақытша атқаруды Роман Склярға жүктеді. Бұдан бөлек  Үкіметтің жаңа құрамы бекітілгенге дейін қазіргі министрлер өз міндеттерін атқаруды жалғастыра береді. Жарлық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі. Айта кетейік, 7 ақпан күні Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді. Жиында Қазақстанның 2023 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы қорытындыланып, алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттер айқындалады.