Бұрынғы Еңбек вице-министрі Ақмәди Сарбасов ұсталды
Еңбек ресурстарын дамыту орталығының басшысы Ақмәди
Сарбасов ұсталды. Ақпаратты Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
растады. «Министрлік Еңбек ресурстарын дамыту орталығы басшысының ұсталғаны
туралы ақпаратты растайды. Министрлік тергеу органдарына белгіленген тәртіп
бойынша көмек көрсетуде», - делінген хабарламада. Айта кетейік, биылғы сәуір
айына дейін Ақмәди Сарбасов Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі
қызметін атқарған. Бұл қызметке ол 2020 жылы тағайындалған.

