Қ.Тоқаев Италияға ресми сапармен келді

Қ.Тоқаев Италияға ресми сапармен келді

Қасым-Жомарт Тоқаев Италияға ресми сапармен келді. Қазақстан Президентін Рим әуежайынан Италияның Қорғаныс министрі мен Рим Папасының өкілі қарсы алды. Мемлекет басшысын күтіп алу кезінде Құрмет қарауылы сап түзеп тұрды.  Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев Италия Президенті және Премьер-министрімен, сондай-ақ, бірқатар ірі компания басшыларымен келіссөздер жүргізеді.