Мемлекет басшысы Парламент Сенатының төрағасын қабылдады 

Мемлекет басшысы Парламент Сенатының төрағасын қабылдады 

Мәулен Әшімбаев сондай- ақ жуық арада әлеуметтік кодекс, әкімшілік реформа, адам құқықтары және мемлекеттік қызмет мәселелеріне қатысты заң жобалары қабылданатынын айтты. Жалпы, Сенаттың Парламенттегі қызметі басталғаннан бері барлығы 21 заң мақұлданып, қабылданған.  Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын орындау аясында Сенатта жұмыс тобы құрылған. Бұл топ 60-тан астам отырыс өткізіп, 350-ге жуық ұсыныс жинаған. Аталған жұмыстың нәтижесінде екі заң жобасы әзірленді.