Қасым-Жомарт Тоқаев партияны трансформациялау міндеттерін атады

Қасым-Жомарт Тоқаев партияны трансформациялау міндеттерін атады

«Нұр Отан» партиясының атауы «Аманат» болып өзгертіледі. Елордада өткен партияның кезектен тыс съезі барысында Ерлан Қошанов осындай ұсыныс айтты. Төменгі палата спикерінің идеясын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қолдады. Ел Президенті саяси бірлестікті толық трансформациялау қажеттігін айтты. Бұл – бюрократиядан бас тарту және сайлаушылармен тығыз жұмыс жүргізу. Сондай-ақ съезде партияның саяси кеңесінің жаңа мүшелері де сайланды. Оған Премьер-Министр Әлихан Смайылов пен Президент Әкімшілігінің басшысы Мұрат Нұртілеу кірді. Ал Мәжілістің экс-спикері Нұрлан Нығматулин мен Павлодар мұнай-химия зауытының бас директоры Оспанбек Алсейітов керісінше саяси кеңестен кетті. Сонымен қатар партиядан кадрлардың қысқаруы күтілуде. Нақтырақ айтсақ, өңірлерде бұдан былай партия төрағаларының орынбасарлары болмайды. Олардың функцияларын хатшылар орындайды. Алдағы өзгерістер барысында ұйымның қоғамдық кеңестерінің санын едәуір қысқарту жоспарлануда.

Авторы: Ақзер Сегізбай