«Астана халықаралық форумы» басталды
«Ақыл-ой қосу арқылы келешекті бағдарлау». Бұл бүгін бас қалада басталған «Астана халықаралық форумының» басты месседжі. Өйткені жаһандық сын-қатерді жалғыз еңсеру мүмкін емес. Дипломатия ресми протоколдың тар шеңберінен шығып, анағұрлым терең әрі адами қалыптағы қарым-қатынасқа төр ұсынуы тиіс. Дүниежүзілік дамудың жаңа кезеңіне қадам басу деген - осы. Бүгін төрткүл дүние көз тіккен жиында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев осылай деп сөз сөйледі. Форумға 600-ге жуық, қатырында әлемдік деңгейдегі көшбасшылар, сарапшылар, инвесторлар және бизнес өкілдері бар қатысушылар келген. Мәртебелі меймандар қатарында Руанда Президенті Поль Кагамені, Албания Премьер-Министрі Эди Раманы, Хорватия Премьер-Министрі Андрей Пленковичті, Қатар Премьер-Министрі әрі Сыртқы істер министрі шейх Мұхаммед бен Абдулрахман Әл Тәнид бастаған.

