«Президент туралы» жаңа заң қабылданды
Енді Президент ел басқарып отырғанда ешқандай саяси партияға мүше бола алмайды. Парламент "Президенті туралы» заңды екінші оқылымда қабылдады. Құжат мемлекет басшысын билік тармақтарының үйлесімді жұмысын қамтамасыз ететін жоғары тұлға ретіндегі мәртебесін нақтылайды. Оның өкілеттіктерін жаңа талаптарға сай реттейді. Сондай-ақ басқару жүйесіне Вице-президент лауазымы енгізілді. Оның құқықтық мәртебесі айқындалып, Құрылтаймен, Үкіметпен және өзге де органдармен байланыс орнату міндеті жүктелді.

