БҰҰ Қазақстанның жаһандық бастамалардағы үлесін жоғары бағалайды

Қазақстан жаһандық бастамалардың белсенді қатысушысы. Әсіресе қоршаған ортаны сақтау қамында қолға алынған түрлі экологиялық мәселелерді шешуде белсенді. Осы ретте ел Орталық Азия өңірінде көш бастап келеді. «Silk Way» арнасына берген эксклюзивті сұхбатында БҰҰ-ның Қазақстандағы Тұрақты үйлестірушісі осылай деп мәлімдеді. Микаэла Фриберг-Сторидің дерегінше, қазір ел аумағында Ұйымының 27 агенттігі мен қоры жұмыс істейді. Олардың қызметі Үкімет пен қоғамның тың бастамаларын қолдауға бағытталған. Оның ішінде тұрақты даму мақсаттарын іске асыруға үлкен көңіл бөлінеді. Микаэла Фриберг-Стори Қазақстан жасыл саясат тұжырымдамасын дамыту үшін сандық тұрғыда жаңғыру жолын таңдағанын ерекше атап өтті. Бұл ретте елде «Отбасының цифрлық картасы» жүзеге асырылғанын мысалға келтірді. Озық жобаның кәдесін өзге елдерде тату үшін оны  жаппай ендіруге болатынын тілге тиек еті. БҰҰ өкілі Қазақстанның осы және өзге де жаһандық бастамалары әлемдік қауымдастықпен қолдау табатынын жеткізді.

Микаэла Фриберг-Стори, БҰҰ-ның Қазақстандағы тұрақты үйлестірушісі:
- Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымының белсенді мүшесі және ұйым құрылымдарындағы жұмыстарға қатысуда тәжірибесі мол ел. БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне мүше болудан бастап ұйымның түрлі жүйесінде лайықты орынға ие. Елдің соңғы 30 жылда даму қарқыны жоғары. БҰҰ Жарғысының қағидаттарын берік ұстанады. Біз Қазақстанның дамудың жаңа деңгейге шыққанын көріп отырмыз. Басқа мемлекеттерді белсенді қолдайтынын білеміз.