Қазақстан Сауд Арабиясындағы ИЫҰ кезектен тыс саммитіне қатысты

Қазақстан Газа секторында әскери қимылдарды дереу тоқтатуға шақыра отырып, Ислам Ынтымақтастығы Ұйымына қатысушы елдермен әріптестік танытуды жалғастыруда. Бұл туралы Премьер-Министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі Араб мемлекеттері лигасының және Ислам ынтымақтастығы ұйымының Палестина мәселесі бойынша кезектен тыс бірлескен саммитінде мәлімдеді. Мұрат Нұртілеу Қазақстан палестиналықтардың өзін-өзі анықтауға және астанасы Шығыс Иерусалимде орналасқан 1967 жылғы шекарада халықаралық деңгейде танылған Палестина мемлекетін құруға заңды құқықтарын толық қолдайтынын атап өтті. Таяу Шығыс дағдарысын реттеу тек БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі бекіткен «екі халық үшін екі мемлекет» формуласы негізінде ғана мүмкін деп қосты. Саммит қорытындысы бойынша қатысушылар Газа секторы Иордан өзенінің батыс жағалауындағы Палестина территорияларының ажырамас бөлігі болып табылатындығы туралы қарар қабылдады.

Мұрат Нұртілеу, Премьер-Министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі:
- Біздің палестиналықтардың өзін-өзі анықтауға және халықаралық деңгейде танылған Палестина мемлекетін құруға заңды құқықтарын толық қолдайды. Өкінішке орай бейбіт тұрғындар, оның ішінде тым көп балалар, әйелдер мен қарттар жанжалдың жазықсыз құрбанына айналды. Бейбіт тұрғындардың қауіпсіздігі – басты басымдық қала береді. Бұл туралы мен Израиль Сыртқы істер министрімен жақында телефон арқылы сөйлескенімде де айттым. Мен сондай-ақ,  атысты дереу тоқтатуға және барлық тараптардың осы жанжалды бейбіт жолмен шешуін іздеуге шақырдым. Қазақстан барлық халықаралық және гуманитарлық ұйымдарды Газа секторындағы қазіргі өте күрделі жағдайға атсалысуға үндейді.