ЮНЕСКО Қазақстанның бастамасымен дүниежүзілік метрология күнін жариялайтын қарар қабылдады
Қазақстанның бастамасымен
дүниежүзі бірге тойлайтын жаңа мереке пайда болды. Метрология күні БҰҰ-ның халықаралық
мәртебесіне иеленді. Қазақстан бастамашы болған қарарды Парижде өткен ЮНЕСКО
Бас конференциясының 42-сессиясының Жаратылыстану ғылымдары жөніндегі
комиссиясы бірауыздан қабылдады. Еске сала кетейік, метрологтардың кәсіби
мерекесі жыл сайын 20 мамырда тойланады. Сондай-ақ ол әлемдегі қолданыстағы ең
ескі халықаралық шарттардың бірі саналатын 1875 жылғы Париж Метр конвенциясының
қабылдануына арналған. Дүниежүзінде қолданылып жүрген ең көне халықаралық
шарттардың бірі әртүрлі елдердегі метрологиялық бірлігін қамтамасыз етуге бағытталған.
Қазақстанның ЮНЕСКО жанындағы Тұрақты өкілі Асқар Әбдірахманов атап өткендей,
шешім осы маңызды ғылым саласының жоғары беделін одан әрі нығайтады және бүкіл
әлемде метрологияны дамытудың маңыздылығына қосымша назар аударады. Айта
кетейік, қарардың бірлескен авторлары халықаралық ұйымға мүше 43 мемлекет
болды.
Асқар Абдрахманов, Қазақстанның ЮНЕСКО
жанындағы тұрақты өкілі:
-Біз Қазақстанда биыл еліміздегі
алғашқы метрологиялық мекеменің 100-жылдығын атап өткен және осы ғылымды
ұлттық, өңірлік және жаһандық деңгейде дамытуға өзінің лайықты үлесін қосып
келе жатқан метрологтардың мықты кәсіби қоғамдастығының белсенділігін мақтан
тұтамыз.