Қазақ-Қытай келісімдері талқыланды
Премьер-министр Олжас Бектенов Қытаймен арадағы жоғары
деңгейдегі келіссөздер қорытындысы бойынша арнайы кеңес өткізді. Жиын барысында
мемлекет басшылары қол жеткізген уағдаластықтарды іске асыру жолдары қаралды.
Қытай – Қазақстан экономикасындағы жетекші инвесторлардың бірі. Қазір елімізде
жалпы құны 66 миллиард доллардан асатын 224 индустриялық жоба жүзеге асырып
жатыр. Бұл жобалар шамамен 50 мың қазақстандыққа жұмыс орнын ашты. Жуырда ғана
Астанада өткен «Орталық Азия – Қытай» форумында қос тарап 24 миллиард доллар
болатын 58 коммерциялық келісімге қол қойды. Бұл – екі ел арасындағы
стратегиялық әріптестіктің нақты нәтижесі. Премьер-министр шетелдік
инвестицияларды 2029 жылға дейін 150 миллиард долларға жеткізу басты міндет екенін атап өтті.

