СПЕКА Саммиті – Орта Азияның экономикалық әлеуетін арттырады

СПЕКА Саммиті – Орта Азияның экономикалық әлеуетін арттырады

Бүгін бүкіл түркі әлемінің назары Бакуде. Әзербайжан астанасында Орта Азия елдерінің экономикалық дамуына арналған Біріккен Ұлттар Ұйымының арнайы бағдарламасы – СПЕКА саммиті өтеді. Оған Қасым-Жомарт Тоқаевпен бірге өзге республикалар президенттерімен қабылдау ел басшысы Ильхам Алиев те қатысады. 1998 жылы құрылған СПЕКА Орта Азия елдері арасында байланыстарды нығайтуды ынталандыратын тұғырнама болып табылады. Бағдарламаның тағы бір маңызды мақсаты – өңір республикаларына Еуропа мен Азия экономикасына кірігуге көмектесу. Отырысқа қатысушы мемлекет басшылары бірқатар сұрақтарды талқыламақ. Оның ішінде логистикалық тізбектерді жандандыру, кедендік рәсімдерді жеңілдету, сондай-ақ арнайы қор құру сияқты бірқатар мәселелер бар. Сарапшылардың айтуынша, бұндай кездесулер жекелеген әр мемлекеттің дамуына тың серпіліс беріп қана қоймай, жалпы өңір экономикасының қарқынды дамуына мүмкіндік береді.

Мирас Жиенбаев, ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеу институты:
-
Бұл біздің Біріккен Ұлттар ұйымына деген құрметімізді және мойындайтынымызды білдіретін тағы бір жақсы кездесу болайын деп тұр. Себебі, ол басты халықаралық ұйым болып табылады. Сонымен қатар, әзірбайжан Президенті – Ильхам Алиевті қолдаудың бір мүмкіндігі деп ойлаймын. Бүгінде Әзербайжан – еліміздің басты стратегиялық серіктестерінің бірі болып келеді. Қазақстан биыл Түркі мемлекеттерінің одағына төрағалық етеді. Қазақстан төағалығындағы біз көтерген бірден-бір бастама – «Түркі дәуірі» деп аталады. Оның аясында біз өзіміздің ортақ тарихымызды зерттеп қана қоймай, қазіргі әріптестіктің жаңа кезеңіне өтіп, экономикалық байланысты нығайтуды қарастырады.