Жетісайдағы 12 адамның қазасы: Президент марқұмдардың жақындарына көңіл айтты

Жетісайдағы 12 адамның қазасы: Президент марқұмдардың жақындарына көңіл айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысы Жетісай ауданындағы жеке үйде болған өрт кесірінен қаза тапқан азаматтардың отбасына көңіл айтты. Үкімет пен Түркістан облысының әкіміне марқұмдардың туған-туыстарына барлық қажетті көмек көрсіп, қайғылы оқиғаны жан-жақты тексеруді тапсырды. Бүгін таңда Жетісай ауданына қарасты Алғабас ауылында екі қабатты үйден өрт шығып, 12 адам қаза тапқан болатын. Марқұмдардың 9-ы бала. Олардың алды 16 жаста болса, ең кішісі бір жасқа енді толған. 5-уі бір үйдің балалары.