Атаулы әлеуметтік көмек алатындар азайған
Шығыс Қазақстанда атаулы әлеуметтік көмек алатындар
азайып келеді. Бұл туралы облысы әкімі Нұрымбет Сақтағанов Мемлекет басшысының
қабылдауында айтты. Өңірде ауылдарды дамыту және қоныстанушыларды қолдау
бағдарламалары, соның ішінде «Шығыс шақырады» өңірлік жобасы жүзеге асып жатыр.
Жұмыспен қамтудың өңірлік картасы аясында биыл 17 мыңнан астам адам жұмыспен
қамтылатынын айтты. Шығыс Қазақстанда инфрақұрылымды жаңғыртуға баса мән
беріледі. Былтыр 856 шақырым болатын жолдар мен көшелер жөнделген.

