Киберқауіпсіздік индустриясын дамыту - маңызды міндет
Азаматтардың жеке деректерін қорғай алмағандар мен таратқандарға -жаза күшейеді. Киберқылмыстарды тергейтін мемлекеттік органдардың құзыреті кеңейеді. Бүгін осы жөнінде Президент Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді. Алдымызда Қазақстанды толық цифрлық мемлекетке айналдыру міндеті тұр. Сондықтан киберқатерлер мен оған қарсы іс-қимыл әдістерін пысықтап, кешенді шара қабылдау қажет. Ақпараттық инфрақұрылым, киберқауіпсіздік индустриясын дамыту керек, деді Мемлекет басшысы.

