Мәжіліс республикалық бюджетті мақұлдады

Мәжіліс республикалық бюджетті мақұлдады

Үкімет бүгін үш жылға арналған бюджетті һәм Ұлттық қордан алатын қаражат көлемін бекіту үшін тайлы-тұяғымен Мәжіліске келді. Депутаттар министрлерді біраз сұрақтың астына алды. Тіпті, екі бірдей партия бюджет жобасын қолдаудан бас тартты. Дегенмен, Бектенов барлық уәде орындалады деп төменгі палатаға бас құжатты бекіттіріп алды. Республикалық бюджеттің 40 пайызы әлеуметтік салаға бағытталған.