Мемлекет басшысы Өзбекстан Сенатының төрағасы Танзила Нарбаеваны қабылдады

Мемлекет басшысы Өзбекстан Сенатының төрағасы Танзила Нарбаеваны қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Олий Мәжілісі Сенатының төрағасы Танзила Нарбаеваны қабылдады. Тараптар қазақ-өзбек стратегиялық серіктестігі мен одақтастық қатынастарын, парламентаралық байланысты, сондай-ақ сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамыту жайын талқылады. Президент қос халық арасындағы достық пен тату көршілікті нығайтуға Нарбаеваның қосқан үлесін ерекше атап өтті. Өз кезегінде Сенат төрағасы қонақжайлық үшін ризашылық білдіріп, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевтің сәлемін жеткізді. Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Танзила Нарбаеваны екіжақты стратегиялық серіктестікті тереңдетуге сіңірген еңбегі үшін II дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады.