Қазақстанға Ресей Федерациясының Президенті келеді

Қазақстанға Ресей Федерациясының Президенті келеді

9 қарашада  Қасым-Жомарт Тоқаев шақыруымен Астанаға Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин ресми сапармен келеді. Бұл туралы Ақорда хабарлайды. Сапар барысында екі ел басшылары келіссөз жүргізеді деп күтілуде. Қос тарап басшысы Қазақстан мен Ресей арасындағы стратегиялық серіктестіктің өзекті мәселелерін талқылайды деп жоспарланып отыр. Бұдан бөлек, президенттер Қазақстан мен Ресейдің XIX Өңіраралық ынтымақтастық форумына бейнебайланыс режимінде қатысады. Шара Қостанайда өтеді.