Президент электромобильдерге қатысты заңға қол қойды
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының
электрмобильдерге арналған инфрақұрылымды дамыту мәселелері бойынша заңына қол
қойды. Құжаттағы талаптар экологиялық таза көлікті танымал етуге, оларға
қажетті жағдай жасауға бағытталған. Атап айтқанда, жер кодексіне электрмен
жүретін көліктер үшін жалпыға ортақ жер телімдерін беру және электр зарядтау
станцияларын, оның ішінде ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда орналастыру
мәселелері бойынша өзгерістер енгізілген.

