Тәуелсіз Қазақстанды қалыптастырудағы президенттік институт
Егеменді Қазақстанның қалыптасуы мен дамуында президенттік институт шешуші рөл атқарды. Бұл ретте, біздің еліміз КСРО құрамынан тәуелсіз мемлекет ретінде бөлініп шығу сәтінде жағдайды оң қабылдаған жалғыз мемлекет, деп атап өтті ҚР Тұңғыш Президенті кітапханасы басшысының орынбасары Ботагөз Қайыпова.
Оның айтуынша, тәуелсіздік жылдарында Қазақстан өз шекарасын рәсімдеу, тұрақты экономика құру, қоғамда бейбітшілік пен тұрақтылықты қалыптастыру сынды маңызды жетістіктерге жетті.
БОТАГӨЗ ҚАЙЫПОВА, ҚР ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ – ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
- 90-шы жылдары Кеңес Одағын қамтыған оқиғаның қандай болғанын біз барлығымыз білеміз. Кейбіреулер үшін бұл демократияның бастауы болса, басқалар үшін әлеуметтік-экономикалық жағдайдың астан-кестеңі шығатындай көрінді. Бірақ Елбасы сол кезден ақты ақ, қараны қара деп айқындап алды. Өз сөзінде ол: «Әлеуметтік немесе экономикалық сипаттағы кез келген құбылыс құлдырауға әкелуі мүмкін, сондықтан бұл жағдайда саясатты тек обьективті түрде жүргізу оң шешім болмақ», деді. Міне, осы қағидаларды біз бүгінге дейін ұстанып келеміз.