Шетелдіктер үшін тағы бір мүмкіндік: 10 жылға «Golden Visa» беріледі

Шетелдіктер үшін тағы бір мүмкіндік: 10 жылға «Golden Visa» беріледі

Қазақстанда тұруды қалайтын шетелдіктер үшін тағы бір жаңа мүмкіндік. «Алтын визаға» қол жеткізу үшін үміткерлер инвестор статусын алып, экономикамызға 300 мың долларға дейін инвестиция салуға міндетті. Сол кезде оған Қазақстан резиденті атануға 10 жылға дейін мүмкіндік берілмек. Инвестор ақшасын кәсіп ашуға және бағалы қағаздар салуға жұмсауы қажет. Сыртқы істер министрлігі бастаманы 10-шы мамырда іске қоспақ. Бұған дейін Қазақстанда сырттан келетін инвесторға салықтық жеңілдіктер ғана жасалатын. «Алтын виза» әдісін Еуропа елдері, Біріккен араб әмірлігі, Сингапур, Түркия пайдаланады. Оларда 400-500 мың доллар шамасында қаржы құйылуы керек. Бізбен көрші Қырғызстан мен Өзбекстанда 200 мың доллар. Ал, АҚШ-та билікке Трамп келгелі 5 млн доллар болды. Қазақстан мұндай әдіспен түскен ақшаны қайта өңдеу, логистика, энергетика, ІТ технология және ауыл шаруашылығы салаларына салуды жоспарлайды.