АҚШ Қазақстанмен қарым-қатынасты нығайтуға ниетті
АҚШ-тың жаһандық саудаға қатысты тариф саясаты
Қазақстанға әсер етпейді. Бұл туралы АҚШ-тың Қазақстандағы миссиясының Уақытша
Сенімді өкілі Дебора Робинсон халықаралық арнамыз Silk way-ге берген
эксклюзивті сұхбатында айтты. Оның сөзінше, Америка адал және ашық ортаны
құрғысы келетін сауда серіктестерін құптайды. Егер Қазақстан халықаралық
тәжірибеге сай әрекет етсе, америкалық компанияларды көбірек тарта алады.
Өйткені АҚШ бизнесмендері инвестицияларының қорғалатынына сенімді болғысы
келеді деді Дебора Робинсон. Ақ үй Қазақстанмен байланысты одан ары дамытуға
ниетті. Әсіресе, сирек кездесетін минералдарға қызығушылығы жоғары.

