Қазақ пен қытай кәсіпкерлері 70 келісімге қол қойды

Қазақ пен қытай кәсіпкерлері 70 келісімге қол қойды

Қазақстан мен Қытай кәсіпкерлері 15 миллиард доллардан асатын 70-тен аса коммерциялық құжатқа қол қойды. Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев екі елдің іскерлік кеңесінің 8-ші отырысына қатысты. келісімдердің нәтижесінде Алматыда автомобиль зауыттары, Ақмола облысында бидайды терең өңдейтін кәсіпорын ашылады.