«Қазақстан - Шығыс пен Батыс арасындағы сенімді дәлізге айналған мемлекет» - Дэн Уитт

«Қазақстан - Шығыс пен Батыс арасындағы сенімді дәлізге айналған мемлекет» - Дэн Уитт

Тәуелсіздік күнімен америкалық сарапшылар мен саясаттанушылар да құттықтап жатыр. Олар Қазақстан жоғары мемлекетаралық қатынастарды қалыптастырып, өркендеу жолындағы мемлекет деп есептейді. Сауда байланыстарын тиімді пайдаланып, Шығыс пен Батыс арасындағы сенімді дәлізге айналды деген бағасын беруде. Ал, жақында АҚШ пен Қазақстан Президентерінің кездесуі екіжақты байланысты нығайтты деп есептейді дипломат Дэн Уитт.


Дэн Уитт, Халықаралық салық және инвестициялық орталықтың президенті:

- Тәуелсіздіктің 34 жылдығымен құттықтаймын. Мен Қазақстанмен 33 жыл жұмыс істеп келемін, сондықтан елдің қалай өсіп, жетіліп, дамып, өркендеп жатқанын көру мен үшін үлкен қуаныш пен абырой.