ОСК Қазақстан президенттігіне кандидаттарды ұсыну қорытындысын шығарды

Қазақстанда Президенттікке кандидаттарды ұсыну аяқталды. Орталық сайлау комиссиясына республикалық қоғамдық бірлестіктерден 12 үміткердің құжаттары тапсырылған. Қорытынды бойынша тек 5 кандидаттың заң талаптарына сәйкес екені белгілі болды. Ол халықтық коалиция ұсынған Қасым-Жомарт Тоқаев, Жалпыұлттық социал - демократиялық партиясының өкілі Нұрлан Әуесбаев, «Аманат» кәсіподақтар Достастығынан Мейрам Қажыкен, «Ауыл» партиясынан Жигули Дайрабаев және кәсіби әлеуметтік қызметкерлердің ұлттық альянсынан Қаракат Әбден. ОСК-ның мәліметінше, бүгінде тағы 7 кандидаттың құжаттары қаралуда.

Мұхтар Ерман, ҚР ОСК хатшысы:

– Құжаттардың дұрыстығын бақылау әлі де жалғасуда, бұл қалыпты жұмыс барысы. Кейбір үміткерлер қазақ тілінен емтихан тапсырып үлгерді. Емтихандар кезегімен өткізілуде. Жалпы, жұмыс тиісті бағытымен жүріп жатыр.