Мемлекет басшысы Қырғызстан Президентімен телефон арқылы сөйлесті
Мемлекет басшысы Қырғызстан Президентімен телефон арқылы сөйлесті. Бауырлас елдердің басшылары сауда-экономика, көлік-логистика және су-энергетика салаларындағы ынтымақтастықтың қарқынды түрде дамып келе жатқанын тілге тиек етті. Қасым-Жомарт Тоқаев Садыр Жапаровқа елімізде Конституциялық реформа жүргізіліп жатқанын айтып, Бішкекте Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы саммиті мен Дүниежүзілік көшпенділер ойындары секілді маңызды халықаралық іс-шаралардың табысты өтуіне тілектестік білдірді. Қырғыз басшысы Қазақстандағы ауқымды өзгерістерді қолдайтынын мәлімдеді.

