Мемлекеттік наградаларға қатысты заң өзгереді

Мемлекеттік наградаларға қатысты заң өзгереді

Енді «Алтын алқа» мен «күміс алқа» алатын аналарға талап күшейтіледі. Бүгін Мәжіліс тиісті заңды екінші оқылымда қабылдады. Мұндай марапатты тек Қазақстан азаматтығы бар жандар ғана алатын болады. Сондай-ақ, мемлекеттік наградалар тізбесінен «Құрмет грамотасы» алынып, ел мүддесін қорғауда көрсеткен ерлігі, батырлығы, қаһармандығы үшін деген атақтар берілмек.

Одан бөлек өзгенің өмірін құтқару жолында қайтыс болғаннан кейін мемлекеттік наградалармен марапаттау мүмкіндігін заңнамалық тұрғыдан бекіту көзделген.