Мемлекет басшысы Ресей Үкіметінің төрағасымен кездесті

Мемлекет басшысы Ресей Үкіметінің төрағасымен кездесті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Үкіметінің төрағасы Михаил Мишустинмен кездесті. Кездесуде екі елдің стратегиялық серіктестігін дамыту мүмкіндіктері талқыланды. Атап айтқанда, сауда-экономикалық, инвестициялық ынтымақтастықты, соның ішінде Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы қарым-қатынасты жандандыру мәселелері қаралды. Сондай-ақ, энергетика, өнеркәсіп, көлік инфрақұрылымы, ауыл шаруашылығы және басқа да салалардағы бірлескен жобалар пысықталды. Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путиннің былтыр Астанаға жасаған мемлекеттік сапары кезінде қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асырудың өзекті екенін атап өтті.