Қазақстан Палестинаға гуманитарлық жүк жіберді

Қазақстан Палестинаға гуманитарлық жүк жіберді

Қазақстан Палестина халқына қосымша гуманитарлық көмек жіберді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес арнайы бортпен 38 тоннадан астам жүк жеткізілді. Олардың дені азық-түлік, төсек-орын жабдықтары, дәрі-дәрмек және медициналық бұйымдар. Сондай-ақ, Қазақстандық гуманитарлық жүк ұшағы Газа секторынан эвакуацияланған еліміздің 28 азаматын кері алып кетті. Республиканың  Мысырдағы елшілігі өкілінің айтуынша, онда әлі де 10 отандасымыз қалды. Бұл – Қазақстан азаматтары мен олардың отбасы мүшелері. Айта кетейік, бұған дейін қақтығыс аймағынан 100-ге жуық қазақстандық елге сәтті эвакуацияланған еді.