Президент ел дамуына үлес қосқан әйелдерді марапаттады
Биыл «Қазақстанның еңбек сіңірген құрылысшысы», «Қазақстанның еңбек сіңірген өнеркәсіп қайраткері» құрметті атақтары алғаш рет табысталды. Бүгін Ақордада Президент аруларды құттықтады. Мемлекет басшысы еліміздің сан түрлі салада жетістікке жетуіне қыз-келіншектер мол еңбек сіңіргенін атап өтті.

