Мемлекет басшысы Астана әкіміне қандай тапсырма берді?

Мемлекет басшысы Астана әкіміне қандай тапсырма берді?

Биыл елордада 100 текше метрден астам суды тазалауға қауқарлы ауыз су станциясы мен 8 миллион шаршы метр тұрғын үйді жылытуға арналған газ жылу станциялары іске қосылады. Бұл туралы президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа  Астана қаласының әкімі баяндады. Сондай-ақ Жеңіс Қасымбек «Жайлы мектеп» жобасының аясында жаңа  форматтағы 25 мектептің жобасы жасалып жатқанын мәлімдеді. 100 мың орынға арналған білім ошақтарының құрылысы биыл басталады. Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Астананың әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымын одан әрі дамыту, қаланы абаттандыру және көгалдандыру жөнінде бірқатар тапсырма берді.