ҚР Премьер-Министрі заңсыз иемденген активтерді қайтару бойынша комиссия отырысын өткізді

ҚР Премьер-Министрі заңсыз иемденген активтерді қайтару бойынша комиссия отырысын өткізді

Қазақстанда 2 жыл ішінде құны 1 трлн теңге болатын заңсыз иемденген активтер қайтарылды. Премьер-Министрдің төрағалығымен өткен Комиссия отырысында бұл бағыттағы жұмыс алдағы уақытта да жалғаса беретіні туралы айтылды. Әлихан Смайылов, бұл жұмыстың барлығы «Әділетті Қазақстанды» құру процессінің құрамдас бөлігі екенін атап өтті. Естеріңізге сала кетсек, қайтарылған қаражат еліміздегі әлеуеметтік жобаларды жүзеге асыру үшін жұмсалады. Жиын барысында, сондай-ақ, тексеру шаралары жуырда басталатын адамдардың тізімін тиісті реестрге енгізу мәселелері талқыланды. Бүгінде Қазақстанда және шетелде 300 ден астам жылжымалы және жылжымайтын мүлік табылды. Оларға қатысты банк транзакциялары мен құнды қағаздар зерттелуде.