Садыр Жапаров Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қазақстан халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Қырғызстан президенті елімізге бейбітшілік пен бақ-береке тіледі. Өз кезегінде Мемлекет басшысы Садыр Жапаровқа құттықтағаны үшін ризашылығын білдіріп, бауырлас қырғыз елімен көпжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ниетті екенін жеткізді. Әңгімелесу барысында тараптар Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы стратегиялық серіктестіктің қарқынды дамуына көңілі толатынын атап өтті.