Қ.Тоқаев Еуропа Одағының Қазақстандағы елшісін қабылдады

Қ.Тоқаев Еуропа Одағының Қазақстандағы елшісін қабылдады

Қазақстан мен Еуропа Одағы арасындағы қарым-қатынастардың басым бағыттарын Қасым-Жомарт Тоқаев пен Кетутис Янкаускас талқылады. Мемлекет басшысы еуропалық Одақ елшісін Ақ Ордада қабылдады. Мемлекет басшысы Қазақстанның Еуропа Одағымен стратегиялық серіктестігін одан әрі нығайтуға бейілділігін, сондай-ақ еліміздің бастамасымен  қолға алынған С5+ЕО форматы аясындағы көпжақты ынтымақтастықты одан әрі ілгерілетуге ниетті  екенін растады. Бұдан бөлек, Президент саяси реформалардың табысты жүзеге асырылып жатқаны туралы айтып, демократияны нығайту ісінде Қазақстанды қолдағаны үшін Еуропа Одағына ризашылығын білдірді. Тараптар аса маңызды шикізат материалдары, «жасыл» экономикалық өсім, көлік, логистика және ауыл шаруашылығы салаларындағы ықпалдастыққа ерекше назар аударды.