«Су тасқынымен күресті күшейтеміз» - әкім есеп берді

«Су тасқынымен күресті күшейтеміз» - әкім есеп берді

Ақмола облысында су тасқынының алдын алу жұмыстары күшейтілді. Облыс әкімі Марат Ахметжанов бүгін Астанадағы тілшілер ардына шығып, брифинг өткізген болатын. Сол жерде табиғи апаттан сақтанудың жаңа тәсілін енгізіп жатқанын айтты. Биыл көктемде Ақмоланың 5 ауылын су басып, мыңдаған адам эвакуацияланған болатын. Әкім енді өзен арналарын тазалап, гидротехникалық нысандарды жөндеп, қорғаныс біліктерін нығайтуға тапсырма берген. Сондай-ақ, су басу қаупі бар елді-мекендердегі тұрғындар қауіпсіз аймақтарға көшіріліп, жаңа үйге көшірілген. Мәселен, Астрахан, Сандықтау және Зеренді аудандарынан 37 отбасы жаңа үйге кіріпті. Тағы 53 отбасын көшіру жоспарланып отыр. Журналистер брифингте Қоянды маңындағы қоқыс полигонының да мәселесін де сұрады. Өйткені былтыр осы алаңда өрт болып, қара түтін ауылды басып қалған. Марат Ахметжановтың айтуынша инвесторлар қоқыс өңдейтін зауыт салуға дайын. Тек оған жергілікті тұрғындар келісім бермей жатыр.