Қазақстан Ауғанстандағы тұрақтылықты сақтау мақсатындағы бастамаларды жалғастыруға ниетті
Қасым-Жомарт Тоқаев Президенттің Ауғанстан бойынша
арнаулы өкілі Еркін Тұқымовты қабылдады. Мемлекет басшысы екіжақты
қарым-қатынасты нығайтуда арнаулы өкілдің ерекше рөл атқаратынын атап өтті. Әрі
аталған елмен сауда-экономикалық және гуманитарлық салаларда өзара тиімді
ықпалдастықты жолға қоюды тапсырды. Президент Алматы қаласында ашылған Орталық
Азия мен Ауғанстан үшін орнықты даму мақсаттары жөніндегі БҰҰ аймақтық
орталығының мүмкіндіктерін кеңінен пайдаланудың маңызына тоқталды. Қасым-Жомарт
Тоқаевтың айтуынша, Қазақстан Ауғанстандағы қауіпсіздік пен тұрақтылықты сақтау
мақсатында гуманитарлық және білім беру бастамаларын жалғастыра беруге ниетті.

