Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трамптың саясатын жоғары бағалады
Мемлекет басшысы сұхбатта Қазақстан ИбраҺим келісіміне не үшін қосылғанын да айтты. Президенттің сөзінше, Ұлттық мүдде тұрғысынан алғанда бұл елімізге инвестиция мен озық технологияларды тартуға, басқа да қомақты экономикалық игіліктерге кенелуге жол ашады. Әрі Қазақстан бейбітшілік, тұрақтылық және халықаралық диалог қағидаттарын әрқашан берік ұстанады. Сонымен қатар, Президент Ресей мен Украина арасындағы қақтығысқа қатысты пікір білдірді. Бұл ретте Қазақстан араағайын рөлін атқаруға ұмтылмайды. Алайда келіссөздерге бейтарап алаң ұсынып, жан-жақты көмектесуге дайын. Бұған қоса, Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трамптың саясатын және заң үстемдігін орнатуға бағытталған әрекетін қолдайтынын атап өтті.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
- Президент Трамп – өте тегеурінді әрі көреген көшбасшы. Ол елінің ұлттық
мүддесін әрдайым бірінші орынға қояды. Мұны АҚШ экономикасының жоғары
көрсеткіштерінен, сондай-ақ қазіргі кезде ел ішінде жүріп жатқан ауқымды
реформалардан, әсіресе, әлеуметтік саладағы оң өзгерістерден аңғаруға болады.

