Қазақстан мен Болгария бірқатар салада келісім жасасты
Келіссөздерден кейін
ресми делегация өкілдері бірқатар құжатқа қол қойды. Атап айтқанда, Қазақстан
мен Болгарияның Көлік министрліктері Транскаспий халықаралық көлік дәлізін
дамыту бойынша меморандум бекітті. Астана мен София қалалары арасында өзара
түсіністік туралы меморандумға қол қойылса, Шымкент пен Пловдив қалалары
арасында бауырластық қарым-қатынас орнайды. Сондай-ақ, тараптар сауда саласында
да байланысты күшейтеді.

