Қауіпсіздік кеңесі – Ақорда

Қауіпсіздік кеңесі – Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Қазақстанның Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында  еліміздің  азық-түлік тәуелсіздігін нығайту мәселелері талқыланды. Мемлекет басшысы халықты қолжетімді әрі сапалы азық-түлікпен қамтамасыз ету және ауыл шаруашылығы мен отандық аграрлық ғылымды жаңғыртудың маңызына ерекше тоқталды. Сонымен қатар, жерді тозудан қорғау шараларын жандандыру өзекті мәселе болып отыр. Сондай-ақ ауыл шаруашылығы техникасы паркін жаңарту процесін жүйелі түрде ұйымдастыру және жергілікті жағдайға бейімделген меншікті тұқым қорын құру үшін жаңа тәсілдер қажет. Президент азық-түлік өнімдерін өндірумен айналысатын шаруалар мен кәсіпорындарға мемлекеттік қолдау көрсетуге жедел назар аудару қажеттігін айтты.