Қазақстан мен Ресей АЭС салу жөніндегі жол картасын бекітті
Қазақстанның Атом энергиясы жөніндегі агенттігі мен «Росатом»
АЭС салу жөніндегі жол картасын бекітті. Агенттік төрағасы Алмасадам Сәтқалиев
пен корпорация бас директоры Алексей Лихачёв Санкт-Петербор халықаралық
экономикалық форумы аясында кездесу өткізді. Тараптар жобаны дайындау және іске
асыру кезеңдерін қамтитын индикативтік жол картасын бекітті. Құжатта инженерлік-іздестіру
жұмыстарын жүргізу, шарт жасасу және жобалық құжаттаманы әзірлеу көзделген.
Кездесуде Алматы облысының Жамбыл ауданында жобаны іске асыруға байланысты
ынтымақтастықтың негізгі қағидаттарын айқындайтын негіздемелік келісімге қол
қойылды.

