Бауырлас елдердің байланысы беки түседі
Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы тауарайналым 4 млрд
400 миллион долларға жетті. Таяу жылдары оны 10 млрд долларға арттыру көзделіп
отыр. Қазірдің өзінде бірлескен 12 ірі жоба қолға алынған. Олардың дені машина
жасау және көлік салаларында. Екі ел арасындағы ықпалдастық тағы қандай
бағыттарды қамтымақ?
Өзбекстан
– Қазақстанның Орталық Азиядағы ең ірі экономикалық серіктестерінің бірі. Екі
елге аймақтағы сауданың 57 пайызы тиесілі. Былтыр Қазақстан оңтүстіктегі
көршісіне 11 млн 100 мың тоннаға тауар жеткізді. Ол негізінен бидай, күнбағыс
майы, көмір мен шымтезек. Сондай-ақ, сусындар мен азотты, фосфорлы тыңайтқыштар
да көп сатылады. Ал, Өзбекстаннан бізге техника, тұрмыстық тауарлар мен
киім-кишек әкелінеді.

