Президент Тәжікстанға мемлекеттік сапармен барды
Бүгін Президент Тәжікстан Республикасына мемлекеттік
сапармен барды. Қасым-Жомарт Тоқаевты Душанбе әуежайында Тәжікстан Президенті
Эмомали Рахмон өзі қарсы алды. Мемлекет басшысына ерекше құрмет көрсетіліп, екі
елдің татулығы, ынтымағы әспеттелді. Әуе айлағында мәртебелі қонақтың құрметіне
тәжік тарапы кішігірім концерт ұйымдастырды. Айта кетейік, өнерпаздар
Құрманғазының әйгілі Адай күйіне қазақ биін биледі.

