Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті
Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинмен телефон
арқылы сөйлесті. Мемлекеттер басшылары екі ел
арасындағы қарым-қатынас достық, тату көршілік және одақтастық рухында қарқынды
дамып келе жатқанын атап өтті. Президенттер сауда-экономикалық ықпалдастық
мәселелерін де талқылады. Соның ішінде бұған дейін жоғары деңгейде қол
жеткізілген уағдаластықтардың табысты жүзеге асырылып жатқанын мәлімдеді.

